06.08.2021 _ 11:40

Жергілікті қамтуды дамытуға арналған бастамалар. Энергетика министрлігі қандай шаралар қабылдады?

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға баса назар аударады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оның үлесінің орташа салалық көрсеткіші 46% немесе 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев мәлімдеді.


Пайыздық арақатынаста ТЖҚ сатып алу көлемінің шамамен 70%–ы үш ірі операторға тиесілі - Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг, 13% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына және қалған жер қойнауын пайдаланушыларға - 8%. 


«Сонымен қатар, министрлік жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған екі бастаманы жүзеге асыруда. Бұл - ірі мұнай-газ кәсіпорындары үшін қажетті жергілікті тауар өндірушілердің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі және өнеркәсіптік құзыреттілігін арттыру мәселелерін шешу үшін құрылған машина жасау орталығы. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындарға инвестициялау мақсатында жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры», - деп хабарлады спикер. 


Осындай бастамалардың арқасында мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісінің өз жүйесін құру жоспарланған.