06.08.2021 _ 12:30

Базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады

Көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия жүзеге асыратын Базалық жобалау құжаттарына және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізіледі. Оны кен орындарын барлау және өңдеу жөніндегі Орталық комиссия жүзеге асырады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Орталық комиссия қызметінің тәсілдері мен бизнес-процестері және тәуелсіз сараптама рәсімі қайта қаралды. Олардың мақсаттылығын энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп өтті.
Базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады


Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушы мен тәуелсіз сарапшы арасындағы байланысты болдырмау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі функция Тәуелсіз сараптама операторы атынан «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ға жүктелген. 


«Бір сарапшының субъективті бағалауын болдырмау мақсатында, бір жобалау құжатына тәуелсіз сараптама жүргізу кезінде 3 тәуелсіз сарапшыны тағайындау көзделген. Орталық комиссияның құрамындағы мүшелердің саны 22-ден 33-ке дейін ұлғайды. Құрамына «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ геология және көмірсутегі кен орындарын әзірлеу саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қосымша енгізілді. Қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылданды», - деп атап өтті спикер.  


Бұл «Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары», сондай-ақ, «Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар». 


2020 жылы Орталық комиссияның 9 отырысы өтті, оның шеңберінде 107 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 88 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 19 жоба бойынша теріс қорытынды берілді. 2021 жылдың 6 айында орталық комиссияның 5 отырысы өтті, онда 51 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 38 жоба бойынша Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 13 жоба бойынша теріс қорытынды берілді.