11.08.2021 _ 16:20

Нұр-Сұлтанда КВИ - мен ауырғандардың 83%-нда клиникалық белгілері бар

Соңғы аптада жалпы сырқаттанушылықтың үлес салмағы 83% - ды құраған клиникалық көріністермен ауырғандар санының өсуі байқалады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова мәлімдеді.


«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші және Rt саны бойынша ғана емес, сондай-ақ төсектердің жүктемесі, толтырылуы бойынша да анықтайды. Ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастап елордада инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 70% - дан астам болды, төсек-орындардың толтырылуының қарқынды көрсеткіші 200-ден жоғары болды, осыған байланысты қала «қою-қызыл» аймақта тұр. Жыл басынан бері елордада КВИ-дің 99 176, шілдеде - 38 046 жағдайы тіркелген. Бір аптада 9 803 жаңа жағдай анықталды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 1 153 жағдайы тіркелді», - деп түсіндірді спикер.