11.08.2021 _ 16:50

Мақсат - бәріне айыппұл салу емес, ұжымдық иммунитетке қолжеткізуіміз керек - ДСМ штаттан тыс инфекционисті

Елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 10 тамызға дейін қызмет көрсету саласының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның ең болмағанда бірінші компонентін алуы керек. Статистиканы ескерсек, мерзімдері қайта ауыстыру қажет болмай ма және бұл бизнеске теріс әсерін тигізбей ме? Кәсіпкерлердің көбі айыппұл санкциялары олардың ісін құртады деп қорқады. «Бәріне айыппұл салу мақсаты жоқ, ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, біз кемінде 60% ұжымдық иммунитетке қолжеткізуіміз керек», - деп сендірді медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ проректоры, ҚР ДСМ штаттан тыс инфекционист Бақыт Көшерова.
фото с сайта rmj.ru

Ол мерзімнің бұған дейін өзгертілгенін атап өтті. 

«Осыдан екі апта бұрын бірінші компонентпен вакцинациялау мерзімі кейінге шегерілді. Әуелде 1 тамызға дейін, енді 10 тамызға дейін ұзартылды. 1 қыркүйекке дейін екінші компонент болуы керек. Сонымен қатар, біз вакцинация қарқыны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазір мерзімді ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл ретте бизнес-қоғамдастықты тыныштандырғым келеді: бүгін, ертең немесе жақында ешкім шығып, бірінші компоненттің жоқтығы үшін айыппұл салуды жоспарлап отырған жоқ. Бәріңізден қызметкерлерге жауапкершілік туралы түсіндірулеріңізді сұраймыз: 1 қыркүйекте балаларымыз офлайн оқуға барады. Олар бизнеспен, бірінші кезекте, қызмет көрсету саласында басқалармен қарым-қатынаста болады және сіздер - ересектер азаматтық жауапкершілік танытып, ұжымдық иммунитеті бар балалар үшін қауіпсіздікті, қолайлы жағдайларды қамтамасыз еткендеріңізді қалаймыз», - деді инфекционист бизнес қызметкерлеріне қаратып айтқан сөзінде.