13.08.2021 _ 16:10

Бір жерде жолымыз болмады, бір жерде спортшылар шаршады – Гузель Манюрова ұлттық құраманың Токио Олимпиадасына қатысу қорытындылары туралы

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гузель Манюрова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, спортшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне не себеп болуы мүмкін екеніне тоқталды.
Бір жерде жолымыз болмады, бір жерде спортшылар шаршады – Гузель Манюрова ұлттық құраманың Токио Олимпиадасына қатысу қорытындылары туралы olimpic.kz


Оның айтуынша, бұл оның төртінші Олимпиада ойындары. Жағдай бойынша бәрі жақсы болды, көлікпен, тамақпен ешқандай проблемалар болған жоқ. Әлемдік пандемияны ескерсек, үлкен шектеулер болды. Бұл мұндай форматта өткізілген алғашқы Олимпиада ойындары. 


«Дайындық жағдайлары өте жақсы болды, менің ойымша, медаль жеңіп алу үшін жеткілікті. Бір жерде жолымыз болмады, бір жерде спортшылар шаршады, өйткені күрестен жарыс кестесі өзгертілді. Жеңіл салмақ әдетте боз кілемге басында, ауыр салмақтар соңында шығатын. Бұл да әсерін тигізді. Жалғыз айтарым: алдымен өте жеңіл салмақтағы спортшыларды жібергенде, бәрі басқаша болатын еді», - деді федерация вице-президенті.