16.08.2021 _ 11:40

Мемлекеттік сектор үшін резервтегі 50 қызметкер президенттік жастар кадр резервіне алынады

Резервке алдыңғы іріктеудің оң тәжірибесін ескере отырып, ел басшылығы резервке іріктеу жөніндегі жұмысты жүйелі негізде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті. 1 қыркүйектен бастап жаңа іріктеу басталады. Мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі кемінде бес жылды құрайтын ҚР азаматтары қатыса алады. 


«Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, рекрутинг процесі білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сондай-ақ кандидаттардың шынайы уәждері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Біз бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударамыз. Осыған байланысты іріктеу кезеңдеріне ситуациялық есептерді шешу, құзыреттілік сұхбат сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, мемлекеттік саяси қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, «А» корпустары және президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар іріктеуге қатысуға жіберілмейді. Президенттік резервтен әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға, әкімшілік лауазымдарға, «А» корпусына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына тағайындау қарастырылған. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Бұл жерде тағайындаулар резервке алынған тұлғалар қатарынан, сондай - ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де тұлғалар қатарынан жүзеге асырылуы мүмкін екендігіне назар аударғым келеді», - деп атап өтті спикер.

Ол лайықты адамдар болса, қызметке резервтен тағайындау қажет еместігін түсіндірді.