16.08.2021 _ 11:50

Көшбасшылардың құзыреті. Президенттік кадр резервіне іріктеу кезінде неге баса назар аударылатын болады

Құжаттарды қабылдау және әлеуетті резервшілерді іріктеу мамандандырылған онлайн платформасында жүргізіледі. 1-30 қыркүйек аралығында Президенттік кадр резервіне алуға ниет білдірген қазақстандықтардан құжаттар қабылдау жалғасады. Қазіргі іріктеудің ерекшеліктері туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингт баяндады.

«Іріктеу барысында үміткерлердің күрделі мәтіндік, сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, ситуациялық есептер түрінде жасалған нақты мәселелерді шешуі бағаланады. Бұдан басқа, ассесмент-орталық арқылы стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сенімділік сияқты жаңа формациядағы көшбасшыларға тән кандидаттардың құзыреттері анықталып, бағаланатын болады», - деп атап өтті агенттік басшысы. 


Соңғы шешім Ұлттық комиссияда. Президенттік кадр резервіне іріктеу қағидалары мен тәртібі Президенттің Жарлығымен егжей-тегжейлі регламенттелген. Президенттік резервке іріктеу бойынша толық ақпаратты агенттіктің сайтынан табуға болады.