16.08.2021 _ 12:10

Президенттік кадр резерві. pkrezerv.gov.kz арнайы интернет порталы әзірленді

Қатысушыларға қойылатын талаптар туралы ақпарат ұсынылған Жалпы ережемен кез келген адам таныса алады. Онда Президенттік кадр резервіне іріктеу кезеңдері мен мерзімдері көрсетілген. «Жоба туралы» бөлімінде іріктеу тәртібі мен әрбір кезеңде қатысушыларды іріктеу критерийлері бар. Кеңесшілерге хабарласпас бұрын «жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін оқып шығыңыз. «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Бас директоры Кенжебек Санабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнайы әзірленген порталдың функционалы бойынша осындай кеңес берді.
Президенттік кадр резерві. pkrezerv.gov.kz арнайы интернет порталы әзірленді

Бөлімдер қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылатын болады – деп атап өтті спикер. 


«Барлық ниет білдірушілерге іріктеу нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Нәтижелер үміткердің аты-жөнін іздеу мүмкіндігімен әр кезең бойынша қолжетімді болады. Бұл функционал барлық рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Кандидаттарда сұрақтар көп туындайды және сапалы кеңес берудің өте маңызды екенін біз жақсы түсінеміз. Хабарламаны тек пошта арқылы ғана емес, порталда да қалдыруға болады. Хабарлама арнайы белгіленген консультанттарға жіберіледі. Жұмыс уақытында, тестілеу күндері хабарласуға болады - олар тәулік бойы қызмет етеді», - деп сендірді орталықтың бас директоры. 


Айта кетейік, өтінімді, тіркеуді және басқа да функцияларды басқару үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба қажет. 
Ал тестілеудің өзі прокторинг жүйесі бойынша өтеді.