16.08.2021 _ 15:40

МҚҰ арқылы қаржыландыру. «Бастау бизнес» эко-шекараны кеңейтеді

2016-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 151 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздерін оқыды. 40 мыңнан астам адам өз ісін ашты. 36% - микрокредиттер және 64% - «Еңбек»бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру есебінен. Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар 59%-ды құрайды, қалғандары - ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлері (қызмет көрсету, сауда, өндіріс). 4 жыл ішінде 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоба қысқа мерзім ішінде онлайн режимге ауыстырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады.

Оның айтуынша, 2021 жылға 30 мыңнан астам жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланған. Жоспар қазірдің өзінде асыра орындалды. 

«Атамекен бізге «Бастау бизнес» түлектерінің жобасын оқытуға, қаржыландыруға және кейіннен сүйемелдеуге мүмкіндік беретін экожүйе құруда. Республиканың 14 облысында және Шымкент қаласында өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құрудамыз. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 22,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. «Бастау бизнес» жобасының 5 мыңнан астам тыңдаушысы қамтылады... Біз түлектерімізді ҒАНА несиемен тікелей қамтамасыз ететін микроқаржы ұйымдарын аштық. Экономиканың қалған секторларын іске қосуды жоспарлап отырған жоқпыз», - деп нақтылады спикер. 


Мұндай қаржылық көмекке NEET санатындағы жастар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер, қандастар үміткер бола алады.