16.08.2021 _ 15:50

Бір жылға дейінгі демалыс. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша тағы қандай жеңілдіктер мен кепілдіктер бар?

Бұл несиені алу үшін қандай кепілдіктер болуы керек? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында қаржыландыруға қатысты сұрақ қойылды. Мәселе кепілдік мүлік туралы болып отыр, өйткені бұл мерзімділік және қайтарымдылық қағидаты бойынша қайтарымды қаражат болып табылады – деп жауап берді микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов.

«Біз тиісті түрде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын және жылжымалы мүлікті кепілге қабылдаймыз. Бұл тұрғын үй, қойқора, автомобиль және басқа көлік құралдары мен ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалық құралдар болуы мүмкін. Бірақ бұл мүлік қосымша қолдау ретінде қабылданады. Негізгі кепіл - жылжымайтын мүлік және басқа да өндірістік үй-жайлар. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлғалардан кепілдіктер қабылданады», - деп түсіндірді сарапшы. 


Алайда, несие алушылар үшін айтарлықтай шектеулер жоқ. Ұсынылып отырған қаржыландыру - өңірлерде ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым тиімді құралдардың бірі, өйткені екінші деңгейдегі банктер экономиканың осы секторына салым сала алмайды. Тәуекелдер өте жоғары. «Бастау бизнес» бойынша қаражат жылдық 6% - бен беріледі, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны бір жылға дейін қайтару бойынша жеңілдікті кезең бар. Бұл әсіресе ауылдағы кәсіпкерлерге тиімді, өйткені ауыл шаруашылығы белгілі бір циклдік сипатқа ие.