16.08.2021 _ 16:00

Микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті: жалпы көлемі 3,5 млрд теңгеге 600 астам өтініш келіп түсті

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша микроқаржылық ұйымдар өз жұмыстарын бастады. 15 шілдеден бастап ел бойынша жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайтын 600 астам өтініш келіп түсті. Олар 11 күннің ішінде қаралады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов мәлімдеді.

«Ауылдық жерлерде жалпы сомасы 7 млн тенгеге дейін несие беріледі. Оның ішінде қалалық аумақтарда 18 млн тенгеге дейін, Шымкент, Атырау, Ақтау елді мекендерінде 23 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылған. Несие 6 пайызбен 5 жылға дейінгі мерзімге, ал ауыл шаруашылығы саласында жүрген азаматтарға 7 жылға дейін беріледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық саласындағы жемшөп өндірісінде мал өнімдерін дамытатын шаруа қожалықтарына 1 жылға дейінгі жеңілдіктер бар», - деді департамент директоры бұл қолайлы шарттардың ауыл шаруашылығы саласындағы және шалғай аймақтарда жатқан шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің дамуына зор үлесін қосатынына үмітін білдіре отырып.  
Оның айтуынша, кепілзат ретінде мүліктің барлық түрі қабылданады.