18.08.2021 _ 12:51

Энергетика министрлігі орташа 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекітті

ТМРК басшысының м.а. Асхат Жапсарбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында электр энергиясы мен газ тарифтерінің өзгеруіне тоқталды. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Энергетика министрлігі орташа 15% өсіммен 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекітті, бұл соңғы тұтынушы үшін электрмен жабдықтау бағасына және жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау тарифтеріне мультипликативтік әсер етеді.
Энергетика министрлігі орташа 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекітті

Осыған байланысты, электрмен жабдықтау бағасының өсуі ел бойынша орта есеппен 12,5%-ды құрады. Бұл ретте, халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ды құрады. Бұл өсім 2020 жылға қарағанда жоғары.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізді. Бұл ретте, ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі – 3,5%-ды құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрады», - деді А.Жапсарбай.