20.08.2021 _ 15:02

Барлығы бақылауда: Талибанның іс-әрекеттері олардың мәлімдемелеріне қаншалықты сәйкес келеді және бұл ел «келісімге келе ала ма» - ҚР СІМ

Қазақстанның Талибанға қатысты ресми ұстанымы қандай? Олармен байланыс бар ма және қандай деңгейде? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ орынбасарына осындай сұрақ қойылды.Ақан Рахметуллин: «Біз Талибанды мойындаған жоқпыз», - деп жауап берді. Кеше СІМ Ауғанстандағы жағдай туралы ресми мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің мәтіні әртүрлі БАҚ-та жарияланды.
Барлығы бақылауда: Талибанның іс-әрекеттері олардың мәлімдемелеріне қаншалықты сәйкес келеді және бұл ел «келісімге келе ала ма» - ҚР СІМ

«Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдер құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс. Бұл ретте, көп жылдық тәжірибе ауғандықтардың өздері жүргізіп отырған бейбіт процестің баламасыздығын көрсетті. Бұл елдің азаматтары өздерінің тарихи тәжірибелері мен әлеуметтік-саяси шындықтарына сүйене отырып, мемлекеттік және әлеуметтік құрылымның ең оңтайлы моделін өздері анықтауы керек», - деді сыртқы саясат ведомствосының өкілі еліміздің ресми ұстанымын жеткізе отырып.

Ол сондай-ақ жағдайды бүкіл әлем бақылап отырғанын айтты.

«Қазіргі кезде елдер Талибанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, оны мойындады деп айта алмаймыз. Барлығы бақылауда: Талибанның әрекеттері олардың мәлімдемелеріне қаншалықты сәйкес келеді және бұл ел қаншалықты келісімге келе алады. Талибандар Кабулда, оны мойындауымыз керек, мұнымен жұмыс істеп, осы елмен одан әрі ынтымақтастық орнатамыз. Саяси деңгейде немесе басқа деңгейлерде байланыстар болған жоқ. Кабулдағы елшілігіміздің ақпараты бойынша, Талибан біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген кезде полиция да, күзет те болмаған. Елші сыртқа шығып, олармен сөйлескен, олар «кімсіңдер?» деп сұраған. Оларға «Қазақстан елшілігі» деп жауап берген. Олар «ештеңеден қорықпаңыздар, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер. Біз сіздерді қорғаймыз» деген. Содан бері олар біздің елшілігімізді күзетуде», - деді Рахметуллин.