20.08.2021 _ 16:12

Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады - А. Цой

Пандемия басталғалы бері әлемде КВИ-дің 210 млн. астам жағдайы тіркелді, 4 миллионнан астам адам қайтыс болды, бұл дельта штамының кең таралуымен байланысты. ДДСҰ мәліметтері бойынша штамның бұл түрі әлемнің 142-і елінде таралған. Қазақстанда 20 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 723 064 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 67 141 жағдай тіркелген. КВИ-мен ауырған науқастардың шамамен 83%-ы, яғни оның ішінде КВИ-дің оң нәтижесімен 597 850 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 57 455 науқас сауығып шықты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады - А. Цой

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан және елдің 16 өңірі қызыл аймақта орналасқан. Жасыл аймақта Түркістан облысы ғана.

«Соңғы үш апта ішінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады, бір аптаның ішінде орташа есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелуде, осы аптаның өткен 4 күнінде КВИ-дің оң нәтижесімен 28 588 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 376 жағдай тіркелді», деді А.Цой.

1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралу индексі 1,11-ден 0,97-ге, яғни 14%-ға төмендеді. Инфекциялық  төсек-орынмен қамту – 52%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту – 48%-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орындарының жоғары қамтылуы Ақтөбе облысында - 71%, Қызылорда облысында 66%, Алматы қаласында 63%, Алматы облысында - 60%.