20.08.2021 _ 16:18

Республикаға Sinopharm вакцинасының 1 млн дозасы әкелінді - А. Цой

Қазақстанда КВИ қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның 11,1 млн дозасы пайдаланылды. Бірінші компонентпен 6 276 224 адам егілді, бұл тиісті халықтың 63% - ын құрайды. Екінші компонентпен 4 913 196 адам қамтылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Республикаға ДДСҰ-да аккредиттелген ҚХР шығарған Sinopharm вакцинасының 1 млн дозасы әкелінді. Егу пункттеріне 659 400 доза вакцина жеткізілді, осы аптада вакцинация басталды, 38 161 адам егілді», – деді А.Цой.

Егу пункттерінде барлығы 1,3 млн бірінші компонент және 940 мың екінші компонент бар.