26.08.2021 _ 12:12

Санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау Қорғаныс министрінің бақылауында

Әскерге шақыру кампаниясы екінші жыл пандемия жағдайында өткізіліп жатыр. Әскерге шақыру және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алудың және оның таралуына жол бермеудің практикалық тәжірибесі пысықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов хабарлады.
Санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау Қорғаныс министрінің бақылауында

 

Оның айтуынша, әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және әскери бөлімдерге келген кезде.  

«Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың және олардың ата-аналарының карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігіне түсініп қараулары әскери ортада коронавирустың жаппай таралуына жол бермеуге ықпал етеді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарланған. Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады.