27.08.2021 _ 16:22

Мектептерде оқу процесі санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады

Мектептерде оқу процесі қатаң түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Күнделікті термометрия, маскалық режим, кварцтеу, желдету, дезинфекциялау жүргізіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа жағдайдағы жұмысы туралы баяндады.

«Сабақтар қатаң түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Бұл күнделікті термометрия, маскалық режим, кварцтеу, желдету, дезинфекциялау, бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеу, бастауыш, орта, жоғары сыныптарды дәлізде араластырмау үшін әр уақыттағы үзілістер, ауысымдар санын арттыру; медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтар мен мектептің басқа да қызметкерлерін 100% вакцинациялау», - деді ведомство өкілі.