27.08.2021 _ 17:50

Ата-аналардың 80% - дан астамы балалар мектепке оралуы керек деп санайды – әлеуметтік сауалнама нәтижелері

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мектеп оқушыларының ата-аналары/қамқоршыларымен (6-18 жас) телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнама 16-22 тамыз аралығында жүргізілді және оған елдің барлық аймақтарынан 1 200 респондент қатысты. Бұл деректер жалпыға қолжетімді. Нәтижелердің бір бөлігімен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова таныстырып өтті.

Оның айтуынша, ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді. 


«Бүгінде ата-аналардың 80% - дан астамы балалар мектепке санитарлық талаптарды сақтай отырып оралуы керек деп санайды. Ата-аналар бұл жағдайды түсінеді және балаларының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге дайын», - деді БҒМ өкілі. 

Сауалнама нәтижелері бойынша басқа да негізгі қорытындылар ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына «Ashyq» қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайтынын көрсетті.  Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 20% өз баласына екпе салдыруға дайын.