03.09.2021 _ 10:20

Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы. Мемлекеттік қаржыны басқару бөлігінде Президенттің тапсырмасы қалай іске асырылады

Міндеттердің басым бөлігін белгілеуден бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы туралы мәселе көтерді. Жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқарудың жеке тұжырымдамасын дайындау міндеті тұр. Оның қажеттілігі неде және бюджеттік ережелер іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» дөңгелек үстелі барысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметов баяндады.

Оның айтуынша, нысандарда мемлекеттік аудит жүргізе отырып, Есеп комитеті бюджет және өзге де заңнаманың жүйелі түрде бұзылуын анықтайды. Бұдан түбегейлі өзгерістер қажет деген қорытынды жасауға болады. 


«Ескі заңнамаларды, заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді қарау керек. ен тамыр іздеу керек. Осылайша, бюджет қаражатымен, мемлекеттік активтермен, мемлекеттік қарыздармен, тұтастай алғанда, мемлекеттік қаржымен жұмыс істеуде бірыңғай тәсілді, бірыңғай тұжырымдаманы жүйелендіру және әзірлеу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы бюджет саясатын, мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштарды бірыңғай форматта (бұрын олар бытыраңқы пайдаланылған) басқаруға, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осыған қатысты тапсырмалар берді. Түсінік бар, бюджет алдымен кіріс бөлігінде қалыптастырылады, яғни, қанша қаражат барын және қаншасын жұмсай алатынымызды біле отырып, содан кейін ғана шығыс бөлігін қалыптастыру. Бұл кейіннен өтеу қиынға соғатын қарыздарға кірмеу үшін қажет. Сол арқылы мемлекеттік қаржының тұрақтылығы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының деңгейі артады», - деп түсіндірді спикер. 


Бұдан басқа, тұжырымдама тағы бір тапсырманы орындауға – Ұлттық қордың азаю үрдісін еңсеруге мүмкіндік береді