03.09.2021 _ 10:30

Президент өз Жолдауында көтерген маңызды мәселелердің бірі - өңірлердің дербестігін арттыру – Қ. Нығметов

Халық қатысатын бюджет тәжірибесі. Бұл қаншалықты тиімді құрал? Ол қарапайым қазақстандықтарға не береді? Мемлекет басшысы бұған неге тағы да назар аударды? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Экономикалық зерттеулер институтының өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов осы сұрақтарға жауап берді.


Біріншіден, оның айтуынша, Президент әр Жолдауында өңірлік саясат мәселелеріне және жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға адамдарды тартуға көп көңіл бөледі. Тамызда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту көзделген.  


«Осындай құралдардың бірі – халық қатысатын бюджет. 2020 жылы үш ірі қалада жалпы қаржыландыру көлемі 2,3 млрд теңгені құрайтын 81 жоба іске асырылды. Бұл тұрғындардың өздері ұсынған, дауыс берген жобалар. Келесі жылдан бастап 55-57 қала мен аудан халқы бюджетке қатысады деп жоспарланған. Президент айтқандай, ТКШ бағыты бойынша шығындар үлесі енді 5-10% - ға дейін артады. Енді тұрғындар қандай жобаларды жүзеге асыру керектігін өздері шешеді. Президент өз Жолдауында көтерген маңызды мәселелердің бірі - өңірлердің дербестігін арттыру, олардың орталықтан ресурстар күту позициясында болмауы. Біртіндеп орталықсыздандыру жүріп жатыр. Бұл салықтық әлеует біртіндеп республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке аударылады дегеннің белгісі.  Айталық, 2019 жылы жергілікті жерлерде ШОБ-тан КТС берілді, тіпті 2020 жыл карантин жағдайында болғанына қарамастан, бүкіл ел бойынша түсімдер 25% - ға өсті. 2022 жылдан бастап салықтардың тағы төрт түрін, 2024 жылдан бастап тағы үш түрін республикалық бюджеттен жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр. Бұл өңірлерге жергілікті жерлердегі мәселелерді шешу үшін өкілеттіктер ғана емес, сондай-ақ қаржы ресурстары да берілетінінің белгісі», - деп түсіндірді сарапшы. 


Ол сондай-ақ, 2019 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік стандарттар жүйесі енгізілгенін жеткізді. Ол әрбір елді мекенде болуы тиіс объектілер мен қызметтердің ең аз міндетті тізбесін білдіреді. Шартты түрде, егер бұл жай ауыл болса - 12 объект пен қызмет, аудан орталығында – 24. Елді мекен мәртебесінің артуына байланысты нысандар тізімі де өсіп келеді. Қазіргі кезде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 60,3%-ды құрайды, 2025 жылға қарай перспективалы ауылдарды 100% - ға дейін жеткізу көзделген. 
  
Айта кетейік, кездесу барысында бизнес үшін салықты орталыққа немесе ауылға төлей ме, айырмашылық жоқ деген пікір де айтылды. Демек, Президенттің бастамасы - жергілікті әкімдерді белсендіруді ынталандыру. Салық неғұрлым көп болса - бюджет соғұрлым көп болады - ауылдағы өмір анағұрлым жақсы болады.