03.09.2021 _ 10:50

Халық өз әкімін сайлап, жауапкершілік алады. Жергілікті жерлерде 800-ге жуық әкім сайланды - Б. Әбдіғали

Президенттің тапсырмасымен Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өткізілді. Биыл қызмет ету мерзімі өткен 800 жуық ауыл әкімі сайланды. Бұл үлкен саяси шешім Ауыл әкімдерін сайлау жыл сайын өткізіледі. Халық белсенді қатысты. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбдіғали мәлім етті.
Халық өз әкімін сайлап, жауапкершілік алады. Жергілікті жерлерде 800-ге жуық әкім сайланды - Б. Әбдіғали


«Халық өз әкімін сайлап, жауапкершілікті алып жатыр. Енді өздері сайлаған әкіммен бірге жұмыс істеп, оған көмектеседі. Бұл жақсы бастама. Әрине ауыл, аудан, қала әкімінің жұмысын бағалағанда, әлеуметтік сауалнама нәтижесінде халықтың 30% көңілі толмаса, бұл әкімдердің қызметіне сай екенін қайта қарау керек деп Президентіміз атап өтті. Өйткені, әкімдер халықтың көңілінен шығу үшін жұмыс істеу керек», - деді қала басқаруды жақсы білетін Б.Әбдіғали.

 

Кезінде ол да әкім болған, Арқалық қаласын басқарған. Бұл ретте спикер ауыл әкімдерінің жұмысын бағалаудың басты критерийлеріне тоқталды.  


«Ауылдық жерлерде жайылым мәселесі көп көтеріледі. Ол ауылдың тазалығы, суы, жолы, бәрі де сол ауыл әкіміне байланысты, қаражаты болмаса да, ол ауыл тұрғындарының мүддесін ауданға барып, қорғай білуі керек, аудан әкімінің алдында, маслихаттың алдында. Сондықтан әрбір сайланған ауыл әкімі көшбасшы, елдің басын біріктіретін тұлға болуы керек. Тағы бір критерий – инвестиция тарту, бюджеттік инвестиция және бюджеттік емес инвестиция. Аудандық, облыстық, республикалық бюджетпен ауданға, ауылға келіп жатқан қаражат, одан басқа кәсіпкерлерді тарта білу. Қай ауылға көп қаражат келіп жатыр, сол әкім белсенді. Сол әкімнің жұмысын жақсы деп бағалауға болады», - деді халық қалаулысы.