08.09.2021 _ 12:10

Салықтан жалтарушыларды тексеру мүмкіндігін ұсыныс ретінде айттық, қандай шешім қабылданатыны әлі белгісіз - МКК

Президент Жолдауы аясында табысты арттыру міндеті алға қойылды. ШОБ тексеруді қайтару бойынша бастама осы үшін көтеріліп отырған жоқ па? Пандемия мен санитарлық шектеулер салдарынан ШОБ-тың қазіргі жағдайын ескере отырып, басқа амалы табылмады ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылардан осы жайлы сұрады. МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев бұл ұсыныс бірнеше факторға байланысты жасалғанын жеткізді.

«Орта және ірі бизнестен басқа, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, жеке кәсіпкерлік үшін мөлшерлемелер өте төмен: оңайлатылған декларация бойынша 3%, патент бойынша 1%, сонымен қатар, көп жерде кассалық чектердің берілмейтінін байқаған шығарсыздар. Оның үстіне, арнайы режимдерді қолданатын жеке кәсіпкерлер толық босатылады. Мұндай шаралар қарастырылған кезде кәсіпкер көлеңкеден шығып, өзінің нақты кірістерін көрсетеді деп ойладық, қалай болса да, олар салық салудан босатылады. Бірақ көлеңкеден жаппай шығу болған жоқ, кейбір жағдайларда ЖК әртүрлі схемаларда, соның ішінде қолма-қол ақша алу және т.б. қолданыла бастады, жаңа заңды тұлғалар ашылды және олар да әртүрлі схемаларда пайдаланылады. Сондықтан біз салықтан жалтарушыларды тексеру мүмкіндігін қарастырып отырмыз, мұндай қажеттілік туындауы мүмкін. Біз ұсыныс ретінде айттық, ал қандай шешім қабылданатыны әлі белгісіз. Жалпы алғанда, салықтан жалтаруға қарсы күреске бағытталған шаралар кешені оң нәтиже беруі тиіс деп санаймыз», - деп түсіндірді шенеунік.