08.09.2021 _ 16:10

Терапевтке бір ай бұрын жазылу. Науқастар мәселесі емханаларға әсерін тигізуі мүмкін

Терапевтке бір-екі күн бұрын жазылу қашан мүмкін болады? Былтырдан бері медициналық мекемелерде терапевтке қаралу үшін жазылу 2-3 апта бұрын, тіпті одан да ерте жазылу керек, егу кабинеттеріндегі мамандардың жүктемесі де, жұмысы да көп. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министріне осындай өзекті сұрақтар қойылды.
иллюстративное фото с сайта pkzsk.info

Марат Шорановтың айтуынша, мұндай проблемаға алғышарттар болмауы керек. Емханалардағы жұмыс штаттық режимге оралды. 


«2020 жылмен салыстырғанда жоспарлы медициналық көмек көрсету жағдайы түзелді. Іс жүзінде барлық емханалар - алғашқы буындағы медициналық қызметтерді жеткізушілер - мемлекеттік болсын, жеке меншік болсын, халықпен толық көлемде жұмыс істейді. Кадрлық ресурстары бар жекелеген жеткізушілерде сұрақтар туындауы мүмкін. Көптеген ресурстардың коронавирустық инфекциямен тікелей күресуге жіберілгенін өздеріңіз білесіздер. Әлеуметтік сақтандыру қорымен жұмыс жасау аясында Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселелерді үнемі өз бақылауында ұстайды. Кезектілік бойынша кейбір жекелеген мәселелер жекелеген аудандарда туындауы мүмкін. Бірақ, егер қолыңызда нақты деректер болса, біз оны анықтауға және көмектесуге дайынбыз. Егер адамда дәрігердің қабылдауына уақтылы жазыла алмау мәселесі туындаса, ол денсаулық сақтау министрлігінің 1406 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Онда нақты үш деңгейлі жауап беру жүйесі бар. Ақпарат дереу МӘМС мониторинг қызметінің бақылауына алынады және кейіннен бұл медициналық ұйымдарға белгілі бір санкциялар салынуы мүмкін. Біздің басты міндетіміз, бірінші кезекте, пациенттердің құқықтарын қорғау. Бірақ, жалпы, ел бойынша жоспарлы көмек қазір қалыпты режимде көрсетілуде. Әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарына байланысты белгілі бір шектеулер бар, КВИ таралуын болдырмау үшін медициналық ұйымдардың ішінде адамдардың шамадан тыс жиналуының алдын алу қажет. Бұл ауруханаішілік менеджмент, кезекті басқару мәселелеріне қатысты», - деп атап өтті денсаулық сақтау саласының өкілі.