09.09.2021 _ 13:40

Қазақстан бұрынғы геодезиялық жүйеден бас тартады

Геодезия және картография саласы қызметінің нәтижесі елді жоғары технологиялық картографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл - заманауи инновациялық экономиканы қалыптастыру мен дамытудың негізі. Даму қарқыны туралы ҚР ЦДИАӨМ геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажмұхан Бекмұқашев айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағындағы карталар соңғы рет өткен ғасырдың соңында – 80-90 жылдары жаңартылған. 


«Өзекті картографиялық-геодезиялық материалдар мен деректер мемлекеттік басқару, елдің инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа салаларда, сондай-ақ навигациялық қызметтер бағытында маңызды және қажетті геокеңістіктік негіз болып табылады. 2005 жылдан бастап Қазақстан территориясының топографиялық карталары цифрландырылып, жаңартылды. Аумақтың  65% және 58% аэротүсірілім жасалды.  
Қазіргі таңда республикалық маңыздағы 3 қаланың, Түркістаннан басқа 13 облыс орталығының топографиялық жоспарлары жасалды. Түркістан қаласының топографиялық жоспары биыл жасалып бітеді», - деді комитет басшысы. 


Сонымен қатар, 51 қала/моноқала/шағын қаланың, 54 аудан орталығы мен 209 елді мекеннің  цифрлық жоспарлары құрылды.