09.09.2021 _ 14:10

Сантиметрге дейінгі дәлдік. ҰКДИ жобасы геодезиялық жұмыстардың сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді

Геодезиялық желілердің қазіргі пункттері жаңа координаттар жүйесінде қайта анықталатын болады. Осылайша, дәлдік 1-2 см жеткізілмек. Елдегі геопозицияны дәл анықтау ұшқышсыз көлік түрлерін, робототехниканы пайдалануға, жер учаскелерінің шекараларын, кадастрларды, кен орындары учаскелерінің шекараларын анықтау дәлдігін арттыруға және геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік геометриялық және нивелирлік желілерді жаңғырту кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымының құрамдас бөліктері болып табылады, олардың деректері республика аумағындағы биіктік негізін есептеу үшін пайдаланылады. Мұндай жаңғырту нәтижелері Қазақстанға биіктікті анықтаудың спутниктік әдістеріне көшуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК бас директорының міндетін атқарушы Медер Маселов айтып берді.

Оның айтуынша, ҰКДИ басқа компоненттері елдің ортақ ақпараттық кеңістігін құруды қамтамасыз етуге, электрондық үкіметті дамытудың қисынды жалғасы болуға тиіс. 

«Бұдан басқа, осы жоба аяқталғаннан кейін Қазақстан ауқымды ақпаратты айтарлықтай ұлғайта алады және кеңістіктік ақпаратты пайдалануды оңайлата алады, оның үстіне кеңістіктік ақпарат қазір қолданыста пайдаланылатын файлдардың 80% құрайды. Сонымен қатар, жобаны іске асыру арнайы салалық мақсаттағы геодезиялық жұмыстардың, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің орындалатын сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Көбінесе геодезиялық жұмыстар сапасының төмендігі жер учаскелерінің қабаттасуына, құрылыстағы бұзушылықтарға алып келеді. Заманауи инфрақұрылымды пайдалана отырып, сапалы сараптама жасау бұл қателіктерді жойып қана қоймай, қосымша, соның ішінде оларды түзетуге бағытталған шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы, ҰКДИ жобасы жиынтық ақпаратты, базалық және тақырыптық кеңістіктік деректерді бір жерде көруге, тиімді басқаруды, жобалауды жоспарлауды қамтамасыз етуге және мемлекет, азаматтар мен заңды тұлғалар шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құралға айналады», - деп түйіндеді спикер.