10.09.2021 _ 15:50

Тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізіледі – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облыс эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймаққа өтті. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылдануда. 4176 мекеме «Ashyq» жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Алмас Мадиев мәлім етті.
иллюстративное фото inbusiness.kz

Мониторингке сәйкес, облыс аумағында жалпы COVID-19 індеті басталғаннан бері 18 836 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1654 құрады. Пневмонияның 7117 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 625 көрсеткішті құрап отыр. 


«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 қыркүйегіне дейін облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 13829 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1005 - жүкті әйелдер, 3601 - бала стационарлық ем алды. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 25 жағдайы  тіркелді, пневмонияның 31 жағдайы анықталды. Алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда коронавирус инфекциясының аурушаңдық көрсеткіші 87 жағдайға кеміп, 13%-ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткішіне келсек, жыл басынан бері қайтыс болғандар саны 188 адам. Өңірде коронавирустық инфекцияны емдеу және локализациялау үшін 3615 төсек қоры құрылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.  


Бүгінгі таңда облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Жалпы тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде.