13.09.2021 _ 11:40

Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар жалғасуда

Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9%-тен 0,6% төмендеді. Өңір қызыл аймақта. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов хабарлады.

Оның мәліметінше, соңғы тәулікте 218 жағдай анықталды, оның ішінде 35-і бала.  


«Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде. Ауырған адамдардың жас ерекшелігіне тоқталсақ, 50 және одан асқандардың үлесі жоғары – 43%, 39-49 жас -30%, 20-29 жас – 17%, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 10% құрайды. Бүгінде инфекциялық стационардың жүктелуі 40%, реанимациялық бөлімде – 15% құрайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.  


Сонымен қатар, 5371 пациент амбулаториялық ем қабылдауда, аталған пациенттерге 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді. 1 қыркүйектен бастап мобильді бригада 18 мың адамға қызмет көрсетті. Өңірде206 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.