13.09.2021 _ 11:50

Коронавирустық пневмонияны анықтауға арналған цифрлық ішкі жүйе. Жыл басынан бері жасанды интеллект 134 мың пациенттен аурудың белгілерін анықтады, оның ішінде КВИ белгілері де бар

Облыстың инфекциялық стационарларында коронавирусты емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған пациенттерді тиімді емдейді. Жыл басынан бері инфекциялық стационарларда 30 790 адам емделді. Тамыз айында – ауру шарықтаған кезде - стационарларда 7 599 пациент емделді. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 510 адам стационарлық ем алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай мәліметтермен бөлісті.

Оның айтуынша, қыркүйектің бірінші аптасында ауруханаға жатқызылғандар санының төмендеу үрдісі байқалады. 


«Облыстағы 17 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген, 45% төсек-орын оксигенотерапиямен қамтылған. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап Талдықорған көпсалалы ауруханасының базасында коронавирустық пневмонияны ерте сатыда анықтау үшін жаңа цифрлық кіші жүйе енгізілді. Бұл МЖӘ аясында жүзеге асырылатын бірегей жоба. Өкпе мен сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатыда анықтауға арналған, бірақ қазір осы жүйе арқылы пневмонияны анықтап жатырмыз. Жыл басынан бері жасанды интеллект арқылы 134 мың пациенттен ауру жағдайлары анықталды, оның ішінде кейбірінде КВИ белгілері де бар. Сондай-ақ, төрт облыстық ахуалдық орталықтың дәрігерлері күн сайын ауыр науқастар бойынша бейне кеңес жүргізеді. Бұл орталықтар шалғай аудандарға арналған. Телемедицина арқылы тар шеңберлі мамандар шалғай аудандардағы ауыр науқастарға кеңес береді. Облыста 15 зертхана жұмыс істейді, оларда 1 қыркүйектен бастап 400 мың ПТР-зерттеу жүргізілді, 3 569 КВИ жағдайы анықталды», – деп атап өтті спикер. 


Жалпы, пандемия кезеңінде облыста 1 млн-ға жуық тест өткізілді.