14.09.2021 _ 11:40

Қостанай обылысында 190 стационарлық және жылжымалы екпе пункті ашылды

Бүгінгі күні өңірге вакцинаның бірінші компонентінің 381 535 дозасы және екінші компонентінің 339 637 дозасы жеткізілді. Вакциналау 190 стационарлық және жылжымалы екпе пункттерімен жүргізіледі. Ойын-сауық орталықтарында да егу пунктері ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай обылысының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Айтбаев Рүстем мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгін күні 1 765 инфекциялық төсек ашылған 21 стационарда 607 адам емделуде, жүктеме 34% құрайды.  


«Облыстың дәріханалары мен стационарларында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар. Сұранысы жоғары дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Тестілеу тәулігіне 2,5 мың зерттеу жүргізу қуаттылығы бар 5 зертхана базасында жүргізіледі. Облыстың оңтүстік аймақтарының тұрғындарын қамту үшін желтоқсан айында қуаттылығы 300 зерттеу болатын Арқалық қаласында ПТР тесттерін жинайтын зертхана іске қосылды. Нәтижесінде бірінші компонентпен 306 839 адам немесе зерттелетін халықтың 61,3%, екінші компонентпен 268 275 адам егілді. 
Вакциналау жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медициналық қызметкерлер тартылған», - деді спикер.