14.09.2021 _ 12:10

Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 аурыру жағдайларының саны 2 есеге азайды- СҚО әкімінің орынбасары

Аймақта коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақты. Вакцинацияның жалғасуы және басқа да алдын алу шараларының арқасында жақсару үрдісі байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта strategy2050.kz


Ресми мәліметтер бойынша, пандемия басталғаннан бері өңірде 23 354 жағдай тіркелген, оның ішінде соңғы тәулікте- 75. Науқастардың 92% - ы сауығып кетті, 181-і қайтыс болды. Үш апта бұрын КВИ-дің тәуліктік анықталуы 171 адамға жетті, ал бұл облыс аумағындағы пандемияның барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. 


«Соңғы 2 аптада алдыңғы апталармен салыстырғанда аурушаңдықтың 44% - ға төмендегені байқалады. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 195 адамды құрады. Науқастар арасында 65% ауру белгілерімен өздері келгенде, 22%- науқаспен байланыста болу, алдын алу мақсатында – 13% анықталды. Жас құрамы бойынша 60-тан асқандардың ең жоғары үлес салмағы - 31%», - деп атап өтті спикер.


Сондай - ақ, ол ауруханаларда 1715 «ковидтік» төсек-орын, қорда 775 орын бар екенін жеткізді. Бүгінде төсек қорының 31% бос емес. Сырқаттанушылықтың төмендеуі аясында ауруханаға жатқызулар саны тәулігіне 40 адамға дейін азайды. Бұл ауру шарықтаған кездегіден 2 есе төмен.  115 реанимациялық төсек орынның 58% қамтылды. 67 пациенттің 22-сі ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар, тұрақтандыру қоры да бар.

«Халықты вакцинациялау жалғасуда және оң нәтиже байқалады. Вакцинация науқанына 102 егу кабинеті, 62 жылжымалы бригада, 8 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Бүгінгі таңда толық курсты 209 мың адам немесе 67% аяқтады. Бірінші компонентпен халықтың 75% егілді. Вакцинацияның 2 компонентін алғаннан кейін COVID-19 диагнозы қойылған жағдайлардың саны 1240 адамды құрайтынын атап өткім келеді. Бұл егілгендер санының 0,59%. Осы 1 200 - дің 47-сі ғана стационарлық ем қабылдады», - деді Сақыпкереев.