14.09.2021 _ 12:20

Карантиннің орнына СОО-ға бару. СҚО-да «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 333 келуші анықталды

Бүгінде Бизнестің 2554 нысаны «Ashyq» платформасының қатысушысы болып табылады. Олар «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 333 келушіні тіркеді.«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға 36 айыппұл салынды.«Сары» мәртебесі бар адамдарға үй карантинін сақтау бойынша 80 қаулы шығарылды. 23 мониторингтік топ санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылайды.
иллюстративное фото с сайта pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап мониторингтік топтардың мүшелері 494 нысанды қамти отырып, 93 рейд жүргізді. 13 адам жауапкершілікке тартылды. Спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу орындарындағы жағдайға да тоқталды. 


«Жаңа оқу жылы басталды. Барлық оқушылар мен студенттер күндізгі оқу форматында оқуға кірісті. Қазір олар үшін стандартты оқу процесі мен эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өте маңызды. Каникул кезеңінде және оқу жылының басынан бастап мектепке барған оқушылар арасында ауру жұқтырудың 129 жағдайы анықталды. 60 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, бұл ретте мектептер карантинге жабылған жоқ. Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық адамдар қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды. Материалдық-техникалық базаны нығайту жалғасуда. Осы мақсатқа биыл 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Медициналық қызметтерге «қадамдық» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін екі емхананың құрылысы қолға алынды. МЖӘ аясында 480 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда», - деді спикер.


Ол сондай-ақ КВИ сырқаттанушылық бойынша жағдай тұрақты бақылауда екенін атап өтті.