16.09.2021 _ 11:40

Өрт жағдайлары аз, бірақ құрбан болғандар көп. Тұрғын үй секторында 4 мыңнан астам өрт болды

Қазақстан Республикасында жыл басынан бері 7 515 өрт тіркелді, онда 251 адам қаза тапты, 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланды. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өрт саны 7%-ға төмендеген, ал қаза тапқандар саны 20% - ға, жарақат алғандар саны 18% - ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді.


Оның айтуынша, 4 мыңнан астам өрт тұрғын үй секторында болған. 


«Өткен жылыту кезеңінде өрт санының 9% - ға өсуі, адамдардың өрттен және улы газбен уланудан көз жұмғаны байқалды. Айта кетейік, көрсеткіштердің өсуіне пандемия кезеңінде өзін-өзі оқшаулау, сондай-ақ байланыссыз іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы профилактикалық жұмысты хабарлама тәртібіне ауыстыра отырып, карантиндік шектеулер енгізу айтарлықтай әсер етті», - деп мәлімдеді спикер. 


Сонымен қатар, соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт санының айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Тұрғын үй секторында улы газбен уланудан қаза болғандар бойынша көрсеткіштердің жалпы төмендеуімен оң динамика байқалады.