Қазақ тіліне аудару үшін оқулықтарды таңдауда еліміздің барлық оқу орындары қатысты. Жиналған ұсыныстар негізінде бірнеше рет жарияланған ең танымал ғылыми еңбектер мен академиялық бестселлерлер іріктелді.
«Бұл бағдарлама негізінен гуманитарлық білім бағыттарына арналды. 2017 жылдан бері 2020 жылдың соңына дейін 100 оқулық толықтай аударылып болды. әрқайсысы 10 мың данамен басылып, Қазақстандағы барлық ЖОО кітапханаларына жеткізілді. Бұл оқулықтардың тексттерінің электронды нұсқасы да Қазақстанның ашық кітапханасы деп аталатын www.openU.kz және 100.kitap.kz сайттарда орналастырылған. Әр оқулық негізінде видеодәрістер дайындалып, жалпы саны 200 курс, 5 мыңнан аса видеодәріс жасалды. Курстарды дайындауға еліміздің үздік университеттерінің оқытушылары мен профессорлары қатысты. Бұл оқулықтар пандемия кезінде қашықтан оқу барысында студенттерге, оқу орындарына өте жақсы көмекші құрал болды», - деді Р.Кенжеханұлы.
ҚР БҒМ мәліметінше, студенттер видеодәрістерді 2 млн мәрте қараған. Платформада 100 мыңға жуық қолданушы тіркелген.