22.09.2021 _ 13:50

Өрттердің 58% тұрғын үй секторына тиесілі - ТЖМ

Жүргізілген бақылау мен профилактикаға қарамастан өрт қауіпсіздігі саласында елімізде шаруашылық объектілерінде ірі және күрделі өрттер орын алуда – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы. Ерлан Төрегелдиев бірнеше мысал келтіріп өтті. Алматы облысында қысқа тұйықталу салдарынан базарда өрт шыққан. Көксай ауылында 250 шаршы метр алаңда қойма өртенген.
иллюстративное фото с сайта obraqzovanie66.ru

«Түркістан облысы Ақсукент-Қарабұлақ тас жолындағы резервуарлық парктің теміржол эстакадасында вагон-цистерна өртенді. Өрт салдарынан кәсіпорын қызметкері күйік алды. Өрттің алдын ала себебі технологиялық процестің бұзылуы. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді. Жалпы өрттердің негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі, бұл 58%, сондай-ақ көлікке - 18%», - деп мәлімдеді өртке қарсы қызмет полковнигі. 


Оның айтуынша, өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу - 2,5 мыңнан астам өрт, 2 мыңнан астам өрт - бұл отты абайсыз қолдану болып табылады.