22.09.2021 _ 14:00

Пешті күзден бастап дайында. ТЖМ жеке сектор тұрғындарын жүйелердің жылыту маусымына дайындығын тексеруге шақырады

ТЖМ ресми деректері бойынша барлық өрттердің 12%-ы пеш орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады. 2021 жылы олардың саны мыңға жуық болды. Күзгі суықтың басталуымен тұрғындарды пеш жабдықтарын жылыту маусымына алдын ала дайындауға шақырамыз. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев жеке сектор тұрғындарына үндеу жолдады.


Ол жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін және басқа да элементтерін жылыту маусымы басталар алдында, содан кейін 2-3 айда бір рет күйеден тазарту қажеттігін еске салды. 


«Жылыту пештерін пайдалану кезінде жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларды бақылауды балаларға тапсырмаңыз; пеш жағу үшін қатты отынмен тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз; желдету және газ арналарын түтін мұржасы ретінде қолданбаңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды өрттен сақтайсыз», - деп атап өтті спикер. 


Ең бастысы, ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуға болмайды.