22.09.2021 _ 14:10

Қазақстанда өрт саны 7,8%-ға төмендеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев хабарлады.


Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда, жалпы, өрт 7,8% - ға төмендегені байқалады. Ал орман өрттерінің саны 11%-ға артты. Заңнамаға сәйкес, орман қорын қорғау экология министрлігінің Орман шаруашылығы комитетіне жүктелген, дала - бұл жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік аймағы. Дала өрттері жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік аймағы болып табылады.