22.09.2021 _ 16:10

Мониторингтік топтардың ізімен. Павлодар облысында карантинді бұзушылар 33 млн теңге айыппұл төледі

Павлодар облысында 176 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар 6,5 мыңнан астам рейд жүргізіп, 40 мыңнан аса нысанды тексерді. 300-ге жуық шектеу шараларын бұзу жағдайлары анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысының орынбасары Айзада Құрманова мәлімдеді.

«Жалпы сомасы 33 млн теңгеге 307 айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. 2021 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 556 бизнес субъектісі «Ashyq» жүйесінің QR-кодтарын алды. Қазіргі уақытта 213 қатысушы көшбасшы болып табылады. Нөлдік чекиндер үшін 1 558 қатысушы бір аптаға жобадан шығарылды. Мониторингтік топтар осы жоба аутсайдерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Ashyq» жобасына қатысушы 326 объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар 1675 адамға кіруге рұқсат берілмеген, оның ішінде 1 451-і Павлодар облысының тұрғындары», - деді әкімнің орынбасары. 


225 бұзушы жауапкершілікке тартылды.