23.09.2021 _ 12:00

Мұнай өнімдері нарығындағы баға «тепе-теңдігі»

Мұнай өнімдері нарығы аса құбылмалы болып табылады, оған көптеген факторлар әсер етеді: салық салу, баға белгілеу жүйесі және Қазақстанның ішкі нарығында және көрші елдерде ЖЖМ-мен қамтамасыз ету, сұраныстың маусымдылығы, МӨЗ-дегі технологиялық іркілістер немесе күрделі жөндеулер туралы ақпарат. Мысалы, ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда отандық өнімнің көрші нарықтарға ауысуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал бағалар жоғары болған жағдайда профицит болады, соның салдарынан ҚР МӨЗ-де қайта өңдеу көлемін кейіннен төмендете отырып, қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі мүмкін. Жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдері нарығында үнемі баға «тепе-теңдігін» іздеуді қажет етеді - деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және қайта өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев. Баға қалай қалыптасады?

«Әлемдік тәжірибе ЖЖМ-ға баға белгілеудің неғұрлым тиімді және ашық тетігі биржалық сауда болып табылатынын көрсетіп отыр. Бізде бірнеше жылдан бері электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газымен сәтті сауда-саттық жүргізіліп келеді. Жанар-жағармай бойынша министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Биыл наурыз айынан бастап бензин бойынша сауда-саттық жүргізілуде. Төртінші тоқсанда дизель отынының биржалық сауда-саттығын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, министрлік мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірледі, онда қолданыстағы тыйымды автомобиль көлігімен бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге ұзарту қарастырылған», - деп хабарлады спикер. 


Айта кетейік, тыйым жанар-жағар май шығаруға және бензинді автокөлік бактарымен шығаруға қолданылмайды.