23.09.2021 _ 15:40

«Өнерпаз болсаң...» фестивалі. Өнер мен мәдениет мерекесі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет ерекше қажеттіліктері бар талантты адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін «Өнерпаз болсаң...» республикалық фестивалін ұйымдастыруда. Байқауға қатысуға өтінімдер 8 қазанға дейін қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев хабарлады.
«Өнерпаз болсаң...» фестивалі. Өнер мен мәдениет мерекесі


Фестиваль вокал, би, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, қолөнер және т.б. мәдениет пен өнердің түрлі саласын меңгерген ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың басын біріктіріп, оларға шығармашылық қолдау көрсетуге бағытталған.  


«Өнерпаз болсаң...» фестивалі - бұл өнер мен мәдениет мерекесі. Басты мақсат – үздік қызметкерлер мен ұйымдарды анықтап қою ғана емес, олардың өзара тәжірибе алмасуы мен жаңа белеске көтерілуіне жағдай жасау», - деді комитет төрағасы.  


Фестиваль еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар талантты азаматтарды анықтауға, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет және ҮЕҰ қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.