24.09.2021 _ 15:40

Ақтөбе облысында барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылады – өңір әкімінің орынбасары

Эпидемиологиялық жағдай және вакцинация бойынша мәселе қатаң бақылауға алынған қатаң басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров мәлім етті. 2021 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 137 адам тіркелді, оның ішінде 9 пневмония жағдайы анықталды.


«Жалпы, пандемия басталғаннан бері облыста КВИ-мен ауырған 32130 жағдай тіркелді, оның ішінде 3447-сі пневмония. Бүгінде 29605 науқас жазылып шықты, 529 адам қайтыс болды.  Облыстың жұқпалы аурулар ауруханаларында 658 науқас емделуде, 84 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде 15 адам ӨЖЖ аппаратына қосылды, карантиндік стационарға 4 адам жатқызылды. Ауруханаларда ем алып жатқан жүкті әйелдер саны 51, соның ішінде реанимацияда 9 адам. 62 жүкті әйел үйлерінде емделуде», - деді облыс әкімінің орынбасары. 


Руслан Хамбаров вирустың балалар арасында кең таралуына жол бермеу мәселесіне де баса назар аударылатынын атап өтті.