24.09.2021 _ 15:50

Шектеу шаралары облыстың «қызыл» аймақтан шығуына септігін тигізді – БҚО әкімінің орынбасары

Қабылданған шектеу шаралары мен кезең-кезеңмен вакцинациялау оң нәтижелерін беріп, аурушаңдықтың төмендеуіне және өңірдің «қызыл» аймақтан шығуына әсерін тигізді. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәлімдеді. Жыл басынан бері өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 849 адам тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4088 жағдайды құрады. Бүгінгі таңда 22 350 адам дерттен жазылып шықты.
иллюстративное фото с сайта ria.ru


«Ауру динамикасын қарайтын болсақ, аурушаңдық тамыз айынан бастап айтарлықай азайған. Мәселен, шілде айында 6192 жағдай тіркелсе, тамызда науқастар саны 3828 адамды құрады. Ал қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда төмен болады деп болжап отырмыз. Облыста эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар қатаң карантиндік шектеу шаралары қабылданды. Демалыс күнгі локдаун енгізілді», - деді облыс әкімінің орынбасары. 


Сонымен қатар, өңірде вакцинация басталғалы 218 050 адам екпенің бірінші компонентімен, 190 469 - екінші компонентпен егілді. Бүгінгі күні медицина қызметкерлері, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері КВИ қарсы 100 пайыз егумен қамтылды.