28.09.2021 _ 14:20

Жемшөп дайындауды қазан айының ортасына дейін аяқтаймыз, биылғы жылға қамтамасыз етеміз - А. Сапаров

Жемшөп жеткілікті ме? Министрлік жемшөптің жетіспеушілігіне байланысты жағдай қайталанбауы үшін не істеп жатыр? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылардан осы жайлы сұрады. ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, жемшөп дайындауға қатысты мәселелер жоқ. Алдағы уақытта да болмайды.
иллюстративное фото с сайта eldala.kz


«Жоспарға сәйкес 23,4 млн тонна дайындалды, бұл 98%. Қазан айының ортасына дейін жемшөп дайындауды аяқтаймыз. Жалпы, биылға қамтамасыз еттік. Маңғыстау облысы бойынша мәселелер мен проблемалар бар, бүгінгі күні оларда 65%-ы дайындалды, қалған бөлігі бүгінде басқа облыстарда дайындалуда, келісімшарттар жасалды, қазір қаржыландыру жүріп жатыр және ақша аударылғаннан кейін жемшөпті толық көлемде алады. Бұл ретте ешқандай мәселе жоқ. Сонымен қатар, солтүстік өңірлер қыста, қандай да бір проблемалар туындап қалмас үшін қорлар дайындауда. Министрлік не істеп жатыр? Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін министрлік бағдарламалар қабылдады, субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді. Яғни, суару, ылғал үнемдеу технологияларымен көбірек айналысу керек. Бүгінде тамшылатып суаруды жаңбырлату қондырғысы 50%-ға дейін, инфрақұрылым 50%-ға дейін субсидияланады. Мұның бәрі фермерлерге жеткізілді, олар бұл туралы біледі, былтыр бірқатар өзгерістер енгізілді. Салыстыру үшін, орта есеппен 30-ға жуық бүріккіш сатылды, бүгінгі таңда 130 сатылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді ведомство өкілі.