28.09.2021 _ 16:20

Паркте көмір тасымалдау үшін қажетті жартылай ашық вагондар саны жеткілікті - ИИДМ

Жылыту маусымына дайындық аясында 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін теміржол көлігімен 40 млн тоннаға жуық көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда ¼ есе артық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап жоспар 98 мың тоннаға, яғни 1% - ға асыра орындалды. Өткен жылға қарағанда 245 мың тоннаға артық тиелді. Қыркүйектің 27 күнінде жалпы көмір тиеу 7,9 млн тоннаны құрады.


«Еліміздің тұтынушылары үшін тиеу жоспары 384 мың тоннаға артып, өткен жылмен салыстырғанда 274 мың тоннаға ұлғайды. Жүк тиеу шамамен 5,5 млн тоннаны құрады. Оның ішінде елдің жылу орталықтарына – 4,5 млн тонна, бұл өткен жылдың жоспарымен салыстырғанда 113%-ға артық, елдің коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 990 мың тонна тиелді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон жұмыс істейді. Оның 35 мыңы немесе 55%-ы көмір тасымалдауға тартылған. Оның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ меншік паркінде - 21 мың ашық вагон, оның ішінде көмірге – 13 мың, ҚР басқа меншік иелері - 24 мың ашық вагон және 14 мың ашық вагон - басқа мемлекеттерге тиесілілі. Яғни, паркте аталған кезеңде қажетті көмір көлемін тасымалдауды қанағаттандыру үшін жартылай ашық вагондар саны жеткілікті. Бұл ретте, болжамдарға және көмір тиеудің маусымдылығына сәйкес, тасымалдардың орташа көлемі 4 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін, оған «Қазтеміртранс» АҚ-ның шамамен 17 мың вагоны қажет болады», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ол барлық ағымдағы мәселелер жедел түрде талқыланып, шешіліп жатқанын жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының жанында көмір тасымалдау жөніндегі штаб, ал жол бөлімшелерінде - жедел топтар жұмыс істейді. Жүк жөнелтушілермен бірлесіп туындаған барлық мәселелер шешіледі, вагондардың жүк операцияларымен тұрып қалуын қысқарту мен айналымның орындалуын бақылайды