01.10.2021 _ 09:40

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – қала әкімінің орынбасары

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 416 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастар саны – 32 682, 1294 науқас ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 29 адам тіркелді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан осындай мәліметтерді келтірді. Оның айтуынша, қалада ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген.

«А – ағымдағы жағдай 1 290 төсек-орын. В –эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016 дейін жеткізу. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашу жоспарланған. 1363 төсек-орын жасақталып тұр. Қалалық денсаулық сақтау жүйесі В сценарийімен жұмыс істеп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан бастап 1780 төсек-орын жабылды. Қазіргі таңда 496 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 36% құрайды, 867 төсек-орын бос. Жаңсақтау бөлімінде 257 төсек-орын бар, онда 79 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 30%. Жалпы, қала үш сценарийге де дайын», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары. 


Шыңғыс Мұқанның мәліметінше, қалада 45 егу нысаны бар. 1-ші компонентпен 526 689, 2 – ші компонентпен – 476 388 адам егілді. Жалпы, вакцинацияға жататын контингенттің 98,3% екпенің 1-компонентін алды. Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келуде, әкімдіктің қатаң бақылауында.