01.10.2021 _ 11:50

Неліктен кейбір сұрақтар түсінбестік туғызды? Толық ақпарат алу үшін - ҰСБ басшысы

Санақ кезінде кейбір сұрақтар түсінбестік туғызды. Мысалы, нәрестенің орнына сауалнаманы толтырған кезде дін және вакцинация туралы сұрақтарға тап болдық. Мұндай сұрақтар неге қойылады? Ұлттық статистика бюросының басшысынан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайлы сұрады. Нұрболат Айдапкелов барлық сұрақтар халықаралық ұсыныстарға сәйкес жасалғанын айтты.

«Сұрақтардың негізгі бөлігі 1999 және 2009 жылдардағы санақ парақтарында болған. Олар автоматты түрде көшірілді, өйткені біз санақтар арасында қоғамның даму динамикасын, өмір сүру жағдайларын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді, оның ішінде демографиялық, білім беру, жұмыспен қамтуды көруіміз керек. Егер нәресте болса, онда ересек жасқа дейін ол үшін ата-ана жауап беретінін білеміз. Бұл сұрақтар еліміздің барлық тұрғындарына қойылуда. Мемлекеттік органдардың өтінішімен пандемияның әсер ету жағдайын білу үшін COVID мәселесі енгізілді: табыс өзгерді ме, ауырды ма, ауырмады ма, тіпті арнайы нұсқалар да бар: арнайы зертханалық зерттеулермен расталған ба, әлде ауырдым деп ойлай ма. Себебі қоғамда медициналық статистикаға сенбейтін фактілер болды. Нақты жағдайды білу. Сондықтан бұл сұрақтар қамтылды», - деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының басшысы.