01.10.2021 _ 15:30

Тамыздан бастап сырқаттанушылықтың өсуі айтарлықтай төмендеді - Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Сырқаттанушылық бойынша пессимистік болжам болған жағдайда резервте 2,5 мыңнан астам инфекциялық және реанимациялық төсек-орын бар. Барлық төсек-орындар оттегімен қамтамасыз етілген, реанимациялық орындардың жабдықталуы 100% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысыралімова мәлімдеді.


Оның айтуынша, бүгінде сырқаттанушылық төмендеді. Ауруханаға жатқызуды азайту есебінен стационарлар саны да қысқарды. 


«Тамыз айынан бастап сырқаттанушылықтың өсуі тәулігіне 268 жағдайдан 45 жағдайға дейін айтарлықтай төмендеді. Стационарларда емделіп жатқан пациенттер саны 30% кеміді. Шілде айында инфекциялық стационарларға жатқызылғандар саны 1425 адамды құраса, бүгінгі күні 410 адам ем алуда. Реанимациядағы пациенттер саны 50% - ға қысқарды. Қазіргі уақытта 57 адам емделуде. Бұл өз кезегінде стационарлар санын 3 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Науқастарды емдеу 800 орындық төсек-орын қоры бар 17 инфекциялық стационарда жүргізіледі. Тамыз айында 2335 төсек-орындық 24 стационар жұмыс істеді», - деді спикер. 


Өңірге Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық және облыстық бюджет есебінен биыл 220 бірлік медициналық жабдық сатып алуға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді.