01.10.2021 _ 15:50

Коронавирустың таралуы: Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті

Коронавирус індеті пайда болғаннан бастап онымен күрес мәселесі күнделікті күн тәртібіне енгізілді. Ақмола облысында осы күнге дейін коронавирус инфекциясымен ауырудың 40 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Оның ішінде ауырудың 83% ағымдағы жылы орын алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысыралімова мәлімдеді. Қайтыс болғандар саны – 397.


 
«Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қолданылып жатқан шараларды ескере отырып, 30 қыркүйекте өңір сары аймаққа өтті. Қазіргі уақытта облыстың медициналық ұйымдарында 447 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 203 - портативті, 244-стационарлық, 34 рентген аппараты, 50 бірлік «Хай Флоу» аппараттары, 15 компьютерлік томография аппараты және 3 МРТ аппараты бар. Сонымен қатар, 100 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсеткен үйде қашықтықтан консультациялық медициналық көмек көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанынан 100 мобильді бригада ұйымдастырылды. 8 ауданға арналған YUTONG автобусы базасында отандық өндірістің 8 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. 2020 жылдың соңында 60 бірлік санитарлық автокөлік жеткізілді», - деді спикер. 


Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал ерекше бақылауда, қажеттілігіне қарай жедел шаралар қолданылуда.