01.10.2021 _ 17:23

Қарағанды облысы «Ashyq» жобасына қатысушылар саны бойынша 3-ші орында

Жыл басынан бері Қарағанды облысында короновирусты жұқтырудың 98 898 жағдайы тіркелді, 90 110 адам, яғни 91,1% жазылды. Облыс «сары» аймақта орналасқан, негізгі шектеу шаралары сақталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов мәлімдеді.



Оның айтуынша, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ауру жұқтыру жағдайларының саны азайып келеді.  


«Соңғы аптада инфекцияның жаңа жағдайлары 21%-ға төмендеді. Пандемия денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарларына, оның ішінде қаржыландыру ағынын үлестіруге түзетулер енгізді. Негізгі күштер мен құралдар әртүрлі ауырлықтағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды диагностикалау мен емдеуге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, өңірде «Ashyq» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Жобаға 12 мыңнан астам кәсіпкер қатысуда. Бұл ел бойынша 3-ші көрсеткіш», - деді спикер.