01.10.2021 _ 17:38

Пандемия сын-тегеуріндеріне қарамастан, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жалғасады - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Коронавирустық инфекциямен күресу үшін Қарағанды облысында қысқа мерзімде заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған түрлі деңгейдегі стационарлар мен емханаларды біріктіретін кластерлік жүйе құрылды. Жағдай күрделенген кезде облыста 5 679 төсек-орын, оның ішінде 434 реанимациялық орын ашылды. Эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты қазір төсек-орын қуаты 3 353-ке дейін төмендеді, оның төрттен бір бөлігі ғана жұмыс істейді. Реанимацияда 44 адам жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов осындай мәліметтерді жария етті.
иллюстративное фото с сайта liter.kz

Ол аурухана желісіне 5 стационар қайтарылғанын және үшінші деңгейдегі 3 госпиталь консервацияланғанын атап өтті. 


«25 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істеп тұр. Облыстық бюджет есебінен 40 медициналық ұйымда кеуде қуысы ағзалары тобының бастапқы диагностикасы үшін қажетті заманауи цифрлық рентген-аппараттар орнатылды. Облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 15 мың тесттен асатын 10 ПТР-зертхана бар. Пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, халықтың медициналық көмектің нақты түрлеріне қажеттіліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастырудамыз. 105 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланған; ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 5 компьютерлік томограф орнату көзделген: оның 2 - і қалаларда және 3-і Жаңаарқа, Осакаровка және Қарқаралы аудандық ауруханаларында», - деді спикер. 


Сонымен қатар, облыста құны 3 млрд теңгеден асатын 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. 200 төсек-орындық облыстық балалар ауруханасының, онкодиспансердің операциялық-реанимациялық блогының құрылысы жалғасуда, Қарағандыда 2 жедел жәрдем станциясы және т.б. жобалар пайдалануға беріледі.