05.10.2021 _ 12:00

Адам саудасына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде адам саудасымен байланысты жағдайға жыл сайын назар аударады, өйткені заңсыз байып кетудің көрсетілген заңсыз түрі азаматтарға физикалық зиян келтіреді және олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзады. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмасын іске асырудың нәтижесінде 2021 жылы Қазақстан көрсетілген мәселе бойынша өз қалпын жақсартты, халықаралық қауымдастық осыны жалпы ерекше атап өтті. Осылайша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2021 жылғы Адам саудасы туралы баяндамасына сәйкес - Қазақстан екінші санатқа ауыстырылды және елде осы бағытта «айтарлықтай жұмыстар» қолға алынғаны айтылды. Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай мәліметтерді келтірді.


 
«Шекараның ашық болуына, көші-қон ағынының күшеюіне және экономиканың дамуына байланысты қылмыстың осы түрінің мемлекетаралық және трансұлттық сипат алуы жиіленуде.  
Осыған байланысты адам саудасына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында. Ағымдағы жылдың 9 айында ведомствоның өндірісінде көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша 200 артық қылмыстық іс болды, 136-сы тіркелді, оның 78-і сотқа жолданды, адам саудасына байланысты қалған қылмыстық істер бойынша тергеулер жалғасуда. Олардың барысы бақылауда. 26 адамға қатысты әртүрлі жаза тағайындаумен айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінгі күні Адам саудасына қарсы іс-қимылда алынған нәтижелер адам саудасының алдын алу, жолын кесу және оған қарсы күрес жөніндегі үкіметтік жоспарлар шеңберінде жүргізілетін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысының қорытындысы болып табылады. 2004 жылдан бастап осындай 6 жоспар қабылданды. Ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап біз осы уақыт талаптары мен мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленген 7-жоспарды іске асыруға кірістік», - деп баяндады полковник. 


2003 жылдан бастап елімізде адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, ол мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың үнқатысу алаңы болып табылады. Осындай комиссиялар еліміздің барлық өңірлерінде құрылды.